Новости компании

Қазақстан ДЭФ 2017-2018жж. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 27.09.2017

Қазақстан ДЭФ 2017-2018жж. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде

Қазақстан Республикасының  Ұлттық экономика министрлігі

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ
БАСПАСӨЗ-ПАРАҒЫ

Қазақстан ДЭФ 2017-2018жж. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде

    2017 жылғы 27 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2017-2018 жылдардағы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебін жария етті.
Рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстан өзінің рейтингтік көрсеткішін 4 позицияға төмендетіп, орташа есеппен 4,35 ұпаймен 57-ші орынға ие болды.
Биылғы жылы рейтингті қайтадан Швейцария басқарды, ол соңғы 9 жыл ішінде өзінің позициясын тұрақты түрде сақтап қалып отыр. Рейтингтің көшбасшылары АҚШ, Сингапур, Нидерланды және Германия болып қала береді.
Дүниежүзілік экономикалық форумның 2017-2018 жылдардағы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ЖБИ) 2017-2018 жылдар аралығында бағаланған елдер саны 137 болды (өткен жылы - 138). Деректер жеткіліксіз болғандықтан, биылғы жылы бес ел (Барбадос, Боливия, Кот-д'Ивуар, Габон және Македония) рейтингтен шығарылды және 4 ел қайтадан енгізілді (Гвинея, Гаити, Сейшел аралдары және Свазиленд). Жалпы алғанда, ДЭФ  ЖБИ-мен қамтылған елдерде өндірістің жалпы көлемі әлемдік ЖІӨ-нің 98 пайызын құрайды.
ЖБИ  114 көрсеткіш  бойынша есептеледі, олардың 34-і статистикалық деректер негізінде есепке алынады, ал қалғандары орта және ірі кәсіпорындар басшыларының бағалауы бойынша жүргізіледі. 114 көрсеткіштің ішінен 12 бәсекеге қабілеттілік факторы шығарылады, бұл экономикалық дамудың әр түрлі деңгейлерінде орналасқан әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайды.
Рейтингте айтарлықтай жақсарту  көрсеткіші «Денсаулық сақтау және бастауыш білім» факторы бойынша  байқалып отыр, ол 35-орыннан 59-орынға дейін көтерілді, сөйтіп орта деңгейге орналасты.
Сондай-ақ, Қазақстан мынадай факторлар бойынша оң динамика көрсетті: технологиялық дайындығы (52 орын, 2016ж. - 56 орын) және нарық көлемі (43 орын, 2016ж. - 45), жоғары білім және кәсіптік оқыту (56 орын, 2016ж. -57 орын).
Қазақстандағы әлсіз позициялар «Қаржы нарығын дамыту» - 114 орын (2016ж. - 104 орын), «Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі» - 108 орын (2016ж. - 97 орын) факторлары болып отыр.
Ең үлкен төмендеу көрсеткіші 2 фактор бойынша белгіленді: «Макроэкономикалық орта» (98-орын, -29 позиция), «Инновациялар» (84-орын, -25 позиция).
«Макроэкономикалық орта» коэффициентінің нашарлауы инфляция деңгейінің ұлғаюымен және жалпы ұлттық үнемдеудің төмендеуімен байланысты, ал «Инновация» факторы бойынша компанияға арналған ҒЗТКЖ  (95-орын, -34 позиция) және жоғары технологиялық өнімдерді мемлекеттік сатып алуға (73-орын, 18-орын) байланысты болып отыр.  
20 немесе одан да көп позициялардың төмендеуімен 8 индикатор бойынша айтарлықтай нашарлау байқалады: «Меншіктік құқығы» (81 орын, -23 позиция), «Мемлекеттік шығындардың қалдықтары» (65-орын, -24 позиция), «Маркетингті монополиялау дәрежесі» (91-орын, «Бизнес бастамаларға арналған күндер саны» (54-орын, 28 позиция), «Ауыртпалықсыз кедендік рәсімдер» (79-орын, 20 позиция), «Салық салудың жұмысын ынталандырудың әсері» (62-орын, «Компаниялардың ҒЗТКЖ байланысты шығыстары» (95-орын, -34 орын), «Жалақы тағайындаудағы икемділік» (105-орын, -66 позиция).
«Инвесторларды қорғау» (3-орын, +22 позиция), «Бастауыш білім берумен қамту» (4-орын, + 114 позиция), «Мемлекеттік бюджеттің теңгерімі» (37-орын, + 37 позиция) секілді индикаторлар позицияны жақсартуға байланысты жоғары көрсеткіштер көрсетіп отыр.  
ТМД елдерінің арасында Қазақстан Әзірбайжаннан (35-орын) және Ресейден (38-орын) кейін үшінші орынды иеленіп отыр.
Рейтингтің нәтижелері туралы толық ақпаратты Дүниежүзілік экономикалық форумның ресми сайтынан білуге болады: http://www.weforum.org/reports

Возврат к списку