Новости компании

Ұлттық экономика министрі «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қаражаттың игерілуі туралы баяндады 15.02.2017

Ұлттық экономика министрі «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қаражаттың игерілуі туралы баяндады

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына бөлінген қаражаттың игерілуі туралы айтып берді.

Министр «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы әлеуметтік сала, тұрғын үй және жол құрылысының қарқынды дамуына  серпін берген экономикалық өсім локомотиві  деп атап өтті.

«2016  жылы 739 млрд теңге бөлінді. (472,8 млрд теңге мақсатты трансферт және 2666,2 млрд теңге ұлттық холдингтердің құнды қағаздары арқылы) Жыл қорытындысы бойынша оның 469.6 млрд теңге немесе 99% игерілді. Толық игерілмеу үнемдеу мен мемлекеттік сатып алуға байланысты»,- деп мәлімдеді Сүлейменов

2016 жылы жол құрылысын дамытуға 151,6 млрд теңге бөлінді. Ол толық игерілді. Бөлінген қаражатқа 611 шақырым автокөлік жолдарында жұмыс аяқталды. Нәтижесінде Астана-Теміртау, Алмалы-Қапшағай  және Астана- Петропавловск бағытында жол салу аяқталды. «Биыл осы бағытта жұмыс жалғасады оған 143,5 млрд теңге бөлінді», -дджі Сүлейменов.

Апатты жағдайдағы  коммуналдық шаруашылық проблемаларын  шешуде Мемлекеттік бағдарлама су, жылу және кәріз желісі тозуын 2014 -67%-дан 2020 жылы 56% ға жеткізуді жоспарлаған. «Осы бағытта жоспарлы 63% көрсеткіші, 2016 жылы артығымен орындалды»,- деді минтстр

Сондай ақ,  тұрғын-үй құрылысы нысандарына ИИҚ тарту барлық аймақтарда жүргізілуде. Және 2 179 шақырым инженерлік желі салынған. Министрдің айтуынша бұған 2016 жылы 77,9 млрд теңгенің бөлінуі оң әсер етті. Оның 76,5 млрд (98 % ) ЖАО-мен игерілді. Қалғаны РБК-мен 2017 жылы әрі құрай жұмсалады. «Жалпы өңірлерде қаржының иегрілуі 100% құрайды. Толық игерілмеу Қарағанды облысымен СҚО-да байқалады»,- деді Сүлейменов

Ол Мемлекеттік бағдарлама аясында білім саласында инфрақұрылымды дамытуға аса көңіл бөлінгенін 2018 жылы үш ауысымдық мектептерді толығымен жою қаралғанын еске салды. «110 білім ошағы салынып жатыр, (91 мектеп, 19 бала-бақша) оның 52-сі қолданысқа берілді.  (35 мектеп пен 17 бала-бақша) Оған 2016 жылы Ұлттық қордан 57,4 млрд теңге бөлінгені сеп болды. Ол қаражат ЖАО-мен толық игерілді», - деді Сүлейменов

2016 жылы ХҚҰ-мен бірлескен құны 5,5 млрд.доллар болатын 23 жоба іске асырылғанын айтты. Ол ШОБ, қаржы секторы, ТҮКШ және көлік инфорақұрылымы, қоршаған ортаны қалпына келтіру және маңызды реформаларды іске асыруға  бағытталды. «Осы жобаларды қоса қаржыландыруға Ұлттық қордан бөлінген 12,3 млрд теңге бюджеттік бағдарламаладың әкімшілеріне толық аударлыды. Оның 12 млрд (98%) игерілген», деді Сүлейменов.

Министрдің мәліметінше 2016 жылы арендалық, несиелік және коммерциялық тұрғын үйге бөлінген 192, 0 млрд теңгенің 148,2 млрд-ы игерілді. Ол құрылыс жұмыстарының  ерекшеліктеріне байланысты игеру мерзімі 2 жылды құрайтынын айтты (2016-2017) «Бүгінде Мемлекеттік бағдарлама аясында 500 мың шаршы метр немесе 8,3 мың пәтер қолданысқа берілді. Оған қоса, осы бағытты әрі қарай жалғастыру үшін,  Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Нұрлы жер» бағдарламасы бекітілді»,- деді.

http://economy.gov.kz/kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=72792&#

Возврат к списку