Новости компании

Ұлттық экономика министрлігі бизнесті бақылаудан босату туралы ауқымды шаралар тізімін әзірлеуге кірісті 01.02.2017

Ұлттық экономика министрлігі бизнесті бақылаудан босату туралы ауқымды шаралар тізімін әзірлеуге кірісті

Ұлттық экономика министрлігі бизнесті бақылаудан босату туралы ауқымды шаралар тізбегін іске асырады. Ол өз кезегінде шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін арттырады деп мәлімдеді министрлік басшысы Тимур Сүлейменов.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында бизнес ортаны кеңейту мен күшейтудің түбегейлі қажеттілігін атап өтті. Негізгі стратегиялық мақсаттардың бірі 2050 жылға дейін ШОБ-тің ІЖӨ-гі үлесі 50%-ды құрауы. Президент бизнестің басындағы қазіргі жүктеме жаңа өсім моделін құруға жол бермейді деді. Үкіметтің міндеті 1 шілдеге дейін бизнесті бақылаудан босатуға бағытталған жүйелі  жұмыс атқару.  

«Жолдауда экономиканы бақылаудан босатуға басымдық берілген. Бұдан орта және шағын бизнес көп пайда табады. Ірі бизнес заң және салық бойынша бірнеше кеңесшілер, басқа да консультанттардың көмегіне жүгініп, бақылау нормаларынан жалтарып кете алады»,- деді Сүлейменов.

1 шілдеге дейін бақылаудан босатудың нақты шаралар тізбегі жария болады. «Қазір мұнымен айналысып жатырмыз»,- деді министр.

Оның айтуынша, шектен тыс бақылау мен табиғи монополиялар қызметін қадағалау арқылы  бизнестің шығындарын азайту жұмыстары жүргізіледі.

Оған қоса, «Бюджет басымдығы қайта қаралуы мүмкін. Тиімсіз бағдарламаларға кететін шығын, жаңа жобаларға ауыстырылады» деп атап өтті.

Сүлейменовтің айтуынша Президенттің бюджеттік процедураларды жетілдіру туралы  айтқаны маңызды.

«Қазір мемлекет экономикаға тым көп араласады. Біз экономикаға өте көп ақша құямыз. Бірақ бюджеттік заңнама, мемлекеттік сатып алу заңнамасы  бюрократияланған. Ақша экономикаға, шынайы мердігерлерге, мектеп, бала-бақша, жолдар салатын компанияларға  кеш жетеді. Бұл сапаның төмендеуіне, игеру көлеміне және шын мәнінде көрсетілген қызметтер көлеміне кері әсер етеді» - деді министр.

Осы орайда, Бюджет кодексіне өзгерістер енгізілуі  мүмкіндігін атап өтті.

http://economy.gov.kz/kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=72676&#

Возврат к списку