Новости компании

RSS

Қазақстан ДЭФ 2017-2018жж. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 27.09.2017 Қазақстан ДЭФ 2017-2018жж. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде
Қазақстан ДЭФ 2017-2018жж. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде

    2017 жылғы 27 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2017-2018 жылдардағы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебін жария етті.
Рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстан өзінің рейтингтік көрсеткішін 4 позицияға төмендетіп, орташа есеппен 4,35 ұпаймен 57-ші орынға ие болды.
Биылғы жылы рейтингті қайтадан Швейцария басқарды, ол соңғы 9 жыл ішінде өзінің позициясын тұрақты түрде сақтап қалып отыр. Рейтингтің көшбасшылары АҚШ, Сингапур, Нидерланды және Германия болып қала береді.

Қазақстан IMD-2017 Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 32-орынды иеленді 01.06.2017 Қазақстан IMD-2017 Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 32-орынды иеленді
Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы 2017 жылғы Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижелерін жариялады.
IMD рейтингі кешенді зерттеудің нәтижесі болып табылады, онда экономикалық қызмет, үкіметтің тиімділігі, бизнес тиімділігі және инфрақұрылым сияқты факторлар бағаланады. Жылдық 342 көрсеткішті қамтиды, оның 2/3-і статистикалық деректерге және 1/3-і сауалнама деректеріне негізделген.
2017 жылы әлемнің 63 елі қатысты. Ең бәсекеге қабілетті елдер болып Гонконг, Швейцария және Сингапур танылды.
2017 жылғы зерттеудің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы 32 орынды иеленіп, 2016 жылмен (47-орын) салыстырғанда 15 орынға көтерілді, бұл жалпы елдің әлемдік рейтингтегі ұстанымының жақсарғанын растайды.
«Экономикалық қызмет» факторы бойынша Қазақстан 2 орынға төмендеп, 54-орынды иеленді. Ұстанымның нашарлауы үш қосалқы фактор бойынша ұстанымның төмендеуімен түсіндіріледі: «Халықаралық сауда» (62-орын, 4 орынға төмендеу), «Жұмыспен қамту» (32-орын, 10 орынға төмендеу) және «Бағалар» (53-орын, 9 орынға төмендеу). «Ішкі экономика» (40-орын, 11 ұстанымға жақсару) және «Сыртқы инвестициялар» (18-орын, 6 ұстанымға жақсару) қосалқы факторлары бойынша жақсару байқалады.
«Үкіметтің тиімділігі» факторы бойынша ел 12 орынға көтеріліп, 19-орынды иеленді. Ұстанымның едәуір жақсаруы, іс жүзінде «Фискалдық саясат» (10-орын, 1 ұстанымға жақсару) және «Қоғамдық құрылым» (30-орын, өзгеріс жоқ) қосалқы фактоларынан басқа, барлық факторлар бойынша байқалады. Осылайша, Қазақстанның қосалқы факторлар бойынша ұстанымдары мынадай жолмен орналасты: «Мемлекеттік қаржы» (4-орын, 47 ұстанымға жақсару), «Институционалдық орта» (46-орын, 5 ұстанымға жақсару) және «Бизнес туралы заңнама» (22-орын, 10 орынға жақсару).
«Бизнес тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан ұстанымының 44-тен 23-орынға жақсарғаны байқалады. Осы қосалқы фактор бойынша барлық құрамалары бойынша жақсару орын алды. Қазақстанның «Менеджмент практикасы» (14-орын, 32 ұстанымға жақсару), «Қатынастар мен құндылықтар» (11-орын, 21 ұстанымға жақсару), «Өнімділік пен тиімділік» (38-орын, 15 ұстанымға жақсару) және «Еңбек нарығы» (7-орын, 15 ұстанымға жақсару) қосалқы факторлары бойынша ұстанымдары едәуір жақсарды.
«Инфрақұрылым» факторы бойынша ұстанымның 5 орынға – 48-ден 43-орынға жақсарғаны байқалады. Төрт қосалқы фактор бойынша жақсару орын алды – «Базалық инфрақұрылым» – 32-орын (10 ұстанымғам жақсару), «Технологиялық инфрақұрылым» – 43-орын (4 ұстанымға жақсару), «Денсаулық сақтау және қоршаған орта» – 53-орын (2 ұстанымға жақсару) және «Білім беру» – 35-орын (9 ұстанымға жақсару). Ұстанымдардың төмендеуі «Ғылыми инфрақұрылым» қосалқы факторы бойынша байқалады – 49-орын (1 ұстанымға нашарлау).
Сұхбаткерлердің пікірінше, Қазақстан Республикасы экономикасының ең тартымды бес факторларының қатарына: стратегиялық тұрақтылық және жағдайдың болжамдығы (62,2%), қолайлы бизнес ортасы (53,8%), ұтымды салық салу жүйесі (43,7%), экономиканың динамикалығы (сұхбаткерлердің 42,0%-ы) және тиімді еңбек қатынастары (37,0%) жатады.
Қазақстан Республикасы бұл рейтингке алғаш рет 2008 жылы қатысты, IMD-ның Қазақстандағы серіктесі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ болып табылады.
Рейтинг нәтижелерімен толығырақ Халықаралық менеджментті дамыту институтының ресми сайтынан танысуға болады:http://www.imd.org/wcc/.
______________________________

IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік орталығы алғаш рет осы жылы жеке есебін жариялайды, онда елдердің цифрлық бәсекеге қабілеттілігі бағаланады. Технология мен ғылыми инфрақұрылымға арналған индикаторлар жалпы рейтингке әлдеқашан енгізілген. Сонымен бірге, жаңа Цифрлық технологиялардың бәсекеге қабілеттілігі рейтингіне елдердің мемлекеттік саясатты, бизнес-модельдерді және жалпы қоғамды өзгертуге әкелетін цифрлық технологияларды енгізу мен зерттеу қабілетін бағалау үшін бірқатар өлшемдер енгізіледі.
Цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингі – бұл IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік орталығының 2017 жылы алғаш рет жыл сайынғы Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингімен бірге жарияланған жаңа есебі. Технологиялар саласындағы деректер мен өлшемдер орталыққа жаңа цифрлық рейтингті құруға мүмкіндік берген негізгі рейтингтің үнемі бір бөлігі болды. 2017 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы 38-орынды иеленіп, 2016 жылмен салыстырғанда 5 орынға көтерілді.
Сингапур, Швеция, АҚШ, Финляндия, Дания, Нидерланды, Гонконг АӘА, Швейцария, Канада және Норвегия 2017 жылдың бірінші рейтингінде алғашқы ондыққа кіреді.
Рейтинг IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік орталығымен 1989 жылдан бастап жыл сайын жүргізіліп келеді және елдердің бәсекеге қабілеттілігін жыл сайын жетекші бағалау ретінде кеңінен танылады. 2016 жылы алғашқы ондыққа Гонконг АӘА, Швейцария, АҚШ, Сингапур, Швеция, Дания, Ирландия, Нидерланды, Норвегия және Канада кірді.

Ұлттық экономика министрлігінде Елбасының Қазақстан халқына жолдауының орындалуы талқыланды 16.05.2017 Ұлттық экономика министрлігінде Елбасының Қазақстан халқына жолдауының орындалуы талқыланды
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің төрағалық етуімен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауын орындау бойынша ведомство алқасы өткізілді. Іс-шара аясында вице-министрлер бюджеттік заңнаманы жетілдіру, салық саясаты және мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту саласындағы, сондай-ақ, бизнес-ортаны жақсарту мен кеңейту және Ұлттық экспорттық стратегия бойынша жұмыстар туралы баяндады.

Бизнесті жүргізу жеңілдігі туралы Қазақстан аймақтарының алғашқы рейтингі биылғы жылы әзірленетін болады - сарапшы 13.03.2017 Бизнесті жүргізу жеңілдігі туралы Қазақстан аймақтарының алғашқы рейтингі биылғы жылы әзірленетін болады - сарапшы
Халықаралық және отандық тәжірибеге негізделген бизнесті жүргізу жеңілдігі туралы Қазақстан аймақтарының алғашқы рейтингі биылғы жылы әзірленетін болады, деп хабарлады «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басшысы Сержан Мадиев.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша аймақтар және қалалар рейтінгін құру қажеттілігін атап өтті.

Мадиев Қазақстан жыл сайын «Doing Business» дүниежүзілік банкінің жаһандық рейтингісінде өзінің позицияларын жақсарту үшін жұмыс жүргізетінін белгілеп кетті. «Біз үкіметке жыл сайын осы рейтингте позицияларды жақсарту үшін не істеу керек сияқты ұсынымдар береміз. Ол сыртқы инвестициялар тарту үшін өте маңызды», - деді сарапшы.

«Осы жылы елбасының тапсырмасына сәйкес жаңа рейтингті іске қосамыз. Ол бизнесті жүргізу жеңілдігі принципі бойынша аймақтар рейтінгі болады. Біз үшін ол жаңа қызмет емес, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үшін соңғы 2-3 жыл бұндай рейтинг жасаймыз, бірақ ол палатаның міндеттеріне жауап береді, олар да мониторинг жүргізеді, оның негізінде өздерінің нәтижелерін шығарады, проблемалар мен теңгерімсіздік іздейді. Енді үкімет ұлттық экономика министрлігі атынан бізге бизнесті жүргізу жеңілдігі принципі бойынша аймақтар рейтингіге тапсырыс береді», - деп ақпараттандырды Мадиев.

Ол қалалар мен аймақтар рейтингін құру барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Дүниежүзілік банкпен жұмыс тәжірибесі қолданылатынын белгілеп өтті.

Мадиев бұндай тәсілдеме аймақтарда шынайы болып жатқанын көрсететініне, сондай-ақ облыстар арасында бәсекелестікті дамытуға көмектесетініне сенімді. Ол «Әкімдер әр кәсіпкерге күресу қажеттігін» атап өтті.

Бұдан басқа, бизнесті қолдау және кәсіпкерлікті дамытуға аса назар аударатын аймақтар мен қалалар үшін жария мадақтау түрінде арнайы сыйлықақы көзделетін болады.

Мадиевтің айтуынша бұндай рейтінгті құру жыл сайын өткізілетін болады.

«Осы жылы біз әдіснаманы соңына дейін аяқтаймыз, көпшілік алдында барлық сарапшылармен талқылаймыз, оны бекітеміз және кейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп аймақтарға барамыз», - деді сарапшы.

Ол бұндай рейтинг үкіметке облыстарға аса нүктелеп және мақсатты қолдау көрсете алатынына сенімді.

http://economy.gov.kz/kz/news/detail.php?type=special_kz&ELEMENT_ID=73080

ҰЭМ: ЭЫДҰ нұсқаулары қазіргі уақытта әзірленіп жатқан Ұлттық жол картасының негізін құрайтын болады 23.02.2017 ҰЭМ: ЭЫДҰ нұсқаулары қазіргі уақытта әзірленіп жатқан Ұлттық жол картасының негізін құрайтын болады
«Мемлекеттік басқару (функционалдық шолу) толық қарауға әкелетін қосымша қарау» ЭЫДҰ жобасы шеңберінде Қазақстанға берілген ұсынымдар қазіргі уақытта Қазақстан Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан Ұлттық жол картасының негізін құрайтын болады деп хабарлады ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова.

Функционалдық шолудың тұсаукесері алдында өзінің алғы сөзінде Әбілқасымова ЭЫДҰ стандарттарына негізделген мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың кілтті бағыттарына тоқталды.

Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша Қазақстан Президентінің бастамасы үкімет пен парламенттің бақылау функцияларын нығайтуды көздейтінін атап өтті. Вице-министрдің айтуынша, парламент пен үкімет ынтымақтастығын жақсарту халық, сайлаушылар және басқару тармақтарының органдары арасында кері байланысты күшейтуді қамтиды, ол толық көлемде ЭЫДҰ стандарттарымен сәйкес келеді.  

«ЭЫДҰ функционалдық шолу шеңберінде мәселелердің төрт блогы қарастырылды, олар: көп деңгейлі басқару және орталықсыздандыру, гендерлік саясат, ашық үкімет және мемлекеттік басқару саласындағы соңғы реформалардың шолуы», - деп хабарлады Әбілқасымова.

Ол «аталған функционалдық шолуда мемлекеттік басқарудың барлық деңгейде ролдері мен міндеттері балансының негізділігіне, өзін-өзі жеткілікті вектор ретінде орталықсыздандыруға, азаматтық қатысуға, мемлекеттің барлық тіршілік әрекетінде гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге, сонымен қатар үкіметтің есептілігі және шешім қабылдау процесінің ашықтылығы және жергілікті деңгейде потенциалды арттыруға айрықша көңіл бөлінетінін» атап кетті.

Вице –министр Қазақстанда шағын әрі ашық Үкімет құрубағытында ауқымды жұмыс жасалғанын атап өтті. Сондай ақ, жергілікті өзін өзі басқаруинститутын дамыту үшін, бірқатар жұмыс атқарылды. Аудан орталықтары, ауылдық елдімекенмен ауыл әкімдерінің 90% сайланды. Алдағы уақытта облыстық маңызы бар қала әкімдерін, облыс аудандары және қала аудандары әкімдерін сайлау мәселесі қаралады.

Әбілқасымова мемлекеттік огандарға тиесілі емес қызметтерді бәсекелі ортаға беру процесі туралы айтты. Оның айтуынша болашақта 100 ден аса мемлекеттік қызмет бәсекелі ортаға беріледі.

Сондай ақ, ол мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысын жұмыс нәтижесіне қарай белгілеу жүйесі енгізілетінін хабарлады. Президенттің жарлығымен ҚР «Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің кейбір мәселелері» жобасы құрастырылды. Онда бонусты төлеу шарттары мен реті белгіленген. Мемлекеттік қызметкерге материалдық көмек көрсету, сондай ақ, «Б» корпусындағы мамандарға лауазымдық қызметақыға ай сайын үстемақы төлеу қаралған.  Сыйықа лауазымы және жұмыс нәтижесіне қарай берілді.

«Шолу бойынша барлық ұсыныстар Ұлттық жол картасы шеңберінде іске асырылады. Премьер-министрдің тапсырмасымен аталған жол картасын әзірлеуді бастадық. Ол сәуір айында Қазақстан Премьер министрінің жетекшілігімен өтетін ЭЫДҰ-мен ықпалдастықты үйлестіру кеңесінің отырысында бекітіледі »,- деді Әбілқасымова.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі

Ұлттық экономика министрі «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қаражаттың игерілуі туралы баяндады 15.02.2017 Ұлттық экономика министрі «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қаражаттың игерілуі туралы баяндады
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына бөлінген қаражаттың игерілуі туралы айтып берді.

Министр «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы әлеуметтік сала, тұрғын үй және жол құрылысының қарқынды дамуына  серпін берген экономикалық өсім локомотиві  деп атап өтті.

«2016  жылы 739 млрд теңге бөлінді. (472,8 млрд теңге мақсатты трансферт және 2666,2 млрд теңге ұлттық холдингтердің құнды қағаздары арқылы) Жыл қорытындысы бойынша оның 469.6 млрд теңге немесе 99% игерілді. Толық игерілмеу үнемдеу мен мемлекеттік сатып алуға байланысты»,- деп мәлімдеді Сүлейменов

2016 жылы жол құрылысын дамытуға 151,6 млрд теңге бөлінді. Ол толық игерілді. Бөлінген қаражатқа 611 шақырым автокөлік жолдарында жұмыс аяқталды. Нәтижесінде Астана-Теміртау, Алмалы-Қапшағай  және Астана- Петропавловск бағытында жол салу аяқталды. «Биыл осы бағытта жұмыс жалғасады оған 143,5 млрд теңге бөлінді», -дджі Сүлейменов.

Апатты жағдайдағы  коммуналдық шаруашылық проблемаларын  шешуде Мемлекеттік бағдарлама су, жылу және кәріз желісі тозуын 2014 -67%-дан 2020 жылы 56% ға жеткізуді жоспарлаған. «Осы бағытта жоспарлы 63% көрсеткіші, 2016 жылы артығымен орындалды»,- деді минтстр

Сондай ақ,  тұрғын-үй құрылысы нысандарына ИИҚ тарту барлық аймақтарда жүргізілуде. Және 2 179 шақырым инженерлік желі салынған. Министрдің айтуынша бұған 2016 жылы 77,9 млрд теңгенің бөлінуі оң әсер етті. Оның 76,5 млрд (98 % ) ЖАО-мен игерілді. Қалғаны РБК-мен 2017 жылы әрі құрай жұмсалады. «Жалпы өңірлерде қаржының иегрілуі 100% құрайды. Толық игерілмеу Қарағанды облысымен СҚО-да байқалады»,- деді Сүлейменов

Ол Мемлекеттік бағдарлама аясында білім саласында инфрақұрылымды дамытуға аса көңіл бөлінгенін 2018 жылы үш ауысымдық мектептерді толығымен жою қаралғанын еске салды. «110 білім ошағы салынып жатыр, (91 мектеп, 19 бала-бақша) оның 52-сі қолданысқа берілді.  (35 мектеп пен 17 бала-бақша) Оған 2016 жылы Ұлттық қордан 57,4 млрд теңге бөлінгені сеп болды. Ол қаражат ЖАО-мен толық игерілді», - деді Сүлейменов

2016 жылы ХҚҰ-мен бірлескен құны 5,5 млрд.доллар болатын 23 жоба іске асырылғанын айтты. Ол ШОБ, қаржы секторы, ТҮКШ және көлік инфорақұрылымы, қоршаған ортаны қалпына келтіру және маңызды реформаларды іске асыруға  бағытталды. «Осы жобаларды қоса қаржыландыруға Ұлттық қордан бөлінген 12,3 млрд теңге бюджеттік бағдарламаладың әкімшілеріне толық аударлыды. Оның 12 млрд (98%) игерілген», деді Сүлейменов.

Министрдің мәліметінше 2016 жылы арендалық, несиелік және коммерциялық тұрғын үйге бөлінген 192, 0 млрд теңгенің 148,2 млрд-ы игерілді. Ол құрылыс жұмыстарының  ерекшеліктеріне байланысты игеру мерзімі 2 жылды құрайтынын айтты (2016-2017) «Бүгінде Мемлекеттік бағдарлама аясында 500 мың шаршы метр немесе 8,3 мың пәтер қолданысқа берілді. Оған қоса, осы бағытты әрі қарай жалғастыру үшін,  Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Нұрлы жер» бағдарламасы бекітілді»,- деді.

http://economy.gov.kz/kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=72792&#

Ұлттық экономика министрлігі бизнесті бақылаудан босату туралы ауқымды шаралар тізімін әзірлеуге кірісті 01.02.2017 Ұлттық экономика министрлігі бизнесті бақылаудан босату туралы ауқымды шаралар тізімін әзірлеуге кірісті
Ұлттық экономика министрлігі бизнесті бақылаудан босату туралы ауқымды шаралар тізбегін іске асырады. Ол өз кезегінде шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін арттырады деп мәлімдеді министрлік басшысы Тимур Сүлейменов.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында бизнес ортаны кеңейту мен күшейтудің түбегейлі қажеттілігін атап өтті. Негізгі стратегиялық мақсаттардың бірі 2050 жылға дейін ШОБ-тің ІЖӨ-гі үлесі 50%-ды құрауы. Президент бизнестің басындағы қазіргі жүктеме жаңа өсім моделін құруға жол бермейді деді. Үкіметтің міндеті 1 шілдеге дейін бизнесті бақылаудан босатуға бағытталған жүйелі  жұмыс атқару.  

«Жолдауда экономиканы бақылаудан босатуға басымдық берілген. Бұдан орта және шағын бизнес көп пайда табады. Ірі бизнес заң және салық бойынша бірнеше кеңесшілер, басқа да консультанттардың көмегіне жүгініп, бақылау нормаларынан жалтарып кете алады»,- деді Сүлейменов.

1 шілдеге дейін бақылаудан босатудың нақты шаралар тізбегі жария болады. «Қазір мұнымен айналысып жатырмыз»,- деді министр.

Оның айтуынша, шектен тыс бақылау мен табиғи монополиялар қызметін қадағалау арқылы  бизнестің шығындарын азайту жұмыстары жүргізіледі.

Оған қоса, «Бюджет басымдығы қайта қаралуы мүмкін. Тиімсіз бағдарламаларға кететін шығын, жаңа жобаларға ауыстырылады» деп атап өтті.

Сүлейменовтің айтуынша Президенттің бюджеттік процедураларды жетілдіру туралы  айтқаны маңызды.

«Қазір мемлекет экономикаға тым көп араласады. Біз экономикаға өте көп ақша құямыз. Бірақ бюджеттік заңнама, мемлекеттік сатып алу заңнамасы  бюрократияланған. Ақша экономикаға, шынайы мердігерлерге, мектеп, бала-бақша, жолдар салатын компанияларға  кеш жетеді. Бұл сапаның төмендеуіне, игеру көлеміне және шын мәнінде көрсетілген қызметтер көлеміне кері әсер етеді» - деді министр.

Осы орайда, Бюджет кодексіне өзгерістер енгізілуі  мүмкіндігін атап өтті.

http://economy.gov.kz/kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=72676&#

Талдамалық орталықтардың жаһандық рейтингі 2016 (2016 Global Go To Think Tank Index Report) 26.01.2017 Талдамалық орталықтардың жаһандық рейтингі 2016 (2016 Global Go To Think Tank Index Report)
Талдамалық орталықтардың жаһандық рейтингі 2016 (2016 Global Go To Think Tank Index Report)
26 қаңтарда Вашингтонда (АҚШ) «Талдамалық орталықтар және азаматтық қоғам» бағдарлама шеңберінде жыл сайынғы іс-шара өтті, оның басты оқиғасы Талдамалық орталықтардың жаһандық рейтингі 2016 (2016 Global Go To Think Tank Index Report) таныстырылымы болды. Осы алаңда «ой-талқы» орталықтарының қоғамдастығы әлемнің 182 елінде, оның ішінде Қазақстандағы бірегей және маңызды рөлін байқату мүмкіндігіне ие болды.
Әлемнің талдамалық орталықтарының әлемдік рейтингісі (The Think Tank Index) бірнешет кезеңдерден тұратын жаһандық зерттеу болып табылады және жетекші ғылыми орталықтардың рейтингісімен байланысты. Рейтинг 2008 жылдан бастап жыл сайын Пенсильвания Университетінің  (University of Pennsylvania) «Талдамалық орталықтар және азаматтық қоғам» (The Think Tanks and Civil Societies Program)  зерттеу бағдарламасы шеңберінде әзірленеді.
ҚР ҰЭМ "Экономикалық зерттеулер институты" келесі санаттар бойынша ең үздік ғылыми орталықтар тізіміне кірді
1.   Ең жақсы басқарылатын ғылыми орталық. Best Managed Think Tanks. 76-орталық
2.   Орталық Азиядағы ең үздік ғылыми орталық. Top Think Tank in Central Asia. 9-орын.
3.    Мемлекетпен афиллирленген ең үздік ғылыми орталық. Best Government Affiliated Think Tanks. 60-орын.
4.    Ғылыми  орталықтың ең үздік конференциясы. Best Think Tank Conference. 12-орын.
5.    Медианы ең үздік пайдалану. Best use of Media. 46-орын.
6.    2017 жылғы перспективалы ғылыми орталықтар. Think Tank to Watch in 2017. 78-орын.

Нақтырақ http://repository.upenn.edu/think_tanks/12/ сайтынан танысуға болады

Transparency International 2016 Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексіндегі Қазақстан 25.01.2017 Transparency International 2016 Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексіндегі Қазақстан
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу жөніндегі жетекші ұйым Transparency International 2017 жылғы 25 қаңтарда өзінің жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексін (СТИ) шығарды.
2016 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде Қазақстан 29 балл жинап, 131 позицияға ие болды (2015 жылы - 123).  Рейтингте ел баллдарының мәні 28-ден 29-ға дейін артқанын атап кеткен жөн. Қазақстан позицияларының 2015 жылмен салыстырғанда 8 көрсеткішке төмендеу себептерінің бірі рейтингке қатысушы елдердің 167-ден 176-ға артқанын атап кеткен жөн.
СТИ-2016 қорытындылары бойынша бірінші орынға 100 мүмкін баллдан 90 баллды жинаған Дания және Жаңа Зеландия ие болды. Сыбайлас жемқорлыққа шалдығуы ең төмен мемлекеттер ондығына Финляндия (89), Швеция (88), Швейцария (86), Норвегия (85), Сингапур (84), Нидерланды (83), Канада (82) және Германия (81) кірді. Сонымен бірге, Сомали 10 балл ғана жинап, индекстің соңғы 176 орнына ие болды.
Шығыс Еуропа – Орталық Азия өңірлік рейтингте (оған Қазақстан да кіреді) басты орынға Грузия – 57 балл және 44-позиция – ие. Қазақстан 14-орынға және Ресей мен Украинамен бірдей баллға ие (29 балл, 131-орын). Өңірлік рейтингтің төмен орнына Өзбекстан ие – 21 балл және Жаһандық индексте 156-орын.
Transparency International  жаһандық баспасөз-парағында сыбайлас жемқорлық бүкіл әлемде мемлекеттік сектордың әдеттегі сауалына айналғаны айтылған. Осылайша, 2016 жылғы Сыбайлас жемқолықты түсіну индексінің 176 елінен 69 пайызы 50 баллдан төмен жинады.
Индекс елдер мен аумақтарды 0-ден (сыбайлас жемқорлықтың ең жоғары деңгейі) 100-ге дейінгі (сыбайлас жемқорлықтың ең төмен деңгейі) шәкіл бойынша  мемлекеттік сектордың сыбайлас жемқорлық деңгейін түйсіну негізінде қабылдайды. Қорытынды рейтингте баллдар саны мен ел дәрежесімен бірге дереккөздер саны, тиісті дереккөздер негізінде әр ел үшін ең жоғары/төмен мәндер арасындағы айырмашылық, стандартты ауытқу мөлшері және әр ел үшін СТИ нәтижелерінің нақтылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін әр ел бойынша сенімді аралық көрсетіледі.
Аталған дереккөздердің барлығы мемлекеттік және саяси секторларда сыбайлас жемқорлықтың таралуының жалпы дәрежесін (пара жиілігі және/немесе көлемі) өлшейді және көптеген елдердің бағалауын қамтиды. Дереккөздер нақты елде тұратын сарапшылардың да, шетел сарапшыларының да сыбайлас жемқорлықты түйсіну деңгейін бағалайды және коммерциялық тәуекелдерді бағалау бойынша кәсіпкерлерге, талдамашыларға және нақты елдер бойынша түрлі халықаралық ұйымдар мамандарына жүргізілген сауалнама жиынтығы болып табылады.
2016 жылы СТИ мемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықты түйсіну бойынша 176 ел мен аумақты қамтиды және 13 түрлі дереккөзге негізделеді (1-кесте).

1-кесте – 2016 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің дереккөздері

№    Шолудың атауы    
1     African Development Bank Governance Ratings 2015    
2    Bertelsmann Foundation Sustainable Governance Indicators 2016    
3    Bertelsmann Foundation Transformation Index 2016    
4    Economist Intelligence Unit Country Risk Ratings 2016    
5    Freedom House Nations in Transit 2016    
6    Global Insight Country Risk Ratings 2015    
7    IMD World Competitiveness Yearbook 2016    
8    Political and Economic Risk Consultancy Asian Intelligence 2016    
9    Political Risk Services International Country Risk Guide 2016    
10    World Bank - Country Policy and Institutional Assessment 2015    
11    World Economic Forum Executive Opinion Survey (EOS) 2016    
12    World Justice Project Rule of Law Index 2016    
13    Varieties of Democracy (VDEM) Project 2016    
Дереккөзі: Corruption Perception Index 2016, Transparency International

Дәстүрлі түрде сегіз зерттеу жүргізіледі, оның негізінде бағалау жасалады. Қазақстанға қатысты зерттеудің бесеуі өткен зерттеумен салыстырғанда айтарлықтай жақсаруды байқатты.
Қазақстан Республикасы үшін ағымдағы жыл нәтижелері:
-    Global Insight ел тәуекелінің рейтингісі - 34 балл  (2015 жылы 11);
-    Бертельсман Қорының трансформация индексі - 20 балл (2015 жылы 19);
-    Заң үстемдігінің индексі - 32 (2015 жылы 28);
-    Саяси тәуекелдерді бағалау және Freedom House есебі - 28 (2015 жылы 23);
-    Дүниежүзілік экономикалық форумның «Басшылар пікірін шолу» – 45 (2015 жылы 51);
-    Жыл сайынғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісі – 41 (2015 жылы 46);
-    Economist Intelligence Unit ел тәуекелін бағалау – 19 (2015 жылы 21).
2016 жылы Қазақстанмен тең нәтижені бірнеше ел байқатты (2-кесте).
2-кесте – СТИ-2016 нәтижесі бойынша Қазақстанмен тең елдер

Позициясы    Ел     2015 жылғы мәні    2016 жылғы мәні
131    Иран    27    29
131    Қазақстан    28    29
131    Непал    27    29
131    Ресей    29    29
131    Украина    27    29
Дереккөзі: Corruption Perception Index 2016,

Рейтинг нәтижелерімен Transparency International: http://www.transparency.org ресми сайтынан нақтырақ танысуға болады.

2016 жылғы қаңтар-қарашадағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы туралы 16.01.2017 2016 жылғы қаңтар-қарашадағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы туралы
2016 жылғы қаңтар-қарашадағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы – 11 945,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 21,1%-ға аз, соның ішінде экспорт – 3 480,6 млн. АҚШ доллары (26,8%-ға аз), импорт – 8 465,1 млн. АҚШ доллары (18,5%-ға аз).

Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (33,5% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне), металдар және олардан жасалған бұйымдар (25,6%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (18,7%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (10,8%) құрады.

ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 24,7%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (17,1%), минералды өнімдері (16,6%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (14,1%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (12,5%) әкелінеді.

www.stat.gov.kz / Жаңалықтар – Комитеттің баспасөз хабарламалары

Бақытжан Сағынтаев Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді 16.01.2017 Бақытжан Сағынтаев Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді
2017 жылғы 13 қантарда Бақытжан Сағынтаев Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді. Отырыс барысында банк жүйесі және экономиканың маңызды секторларының бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтірудің өзекті мәселелері талқыланды.  

Сарапшылар алдын ала ағымдағы жағдайға талдау жасап, аталған бағыттар бойынша бірқатар ұсыныстар берген.

Премьер-Министр тиісті мемлекеттік органдарға сарапшылармен бірлесіп алға қойылған мәселелерді тереңінен зерттеп, келесі отырыста соған байланысты өз ұсыныстарын беру туралы тапсырма берді.

Еске сала кетейік, Экономика жөніндегі сараптама кеңесі ҚР Премьер-Министрінің өкімімен құрылған және оның алғашқы отырысы 2016 жылғы 9 желтоқсанда өткізілді.

Деректкөзі: «www.primeminister.kz» веб-сайт

ҚР Үкіметінің жанында Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес мәжілісі өтті 07.11.2016 ҚР Үкіметінің жанында Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес мәжілісі өтті
2016 жылғы 5 қарашада ҚР Үкіметінің жанындағы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің (бұдан әрі  - Кеңес) ел Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен мәжілісі өтті. Мәжіліс барысында Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторларын жақсарту бойынша 2016-2018 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары талқыланды. Кеңес елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негіз құраушы принциптері, міндеттері және тәсілдері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылғанын атап кеткіміз келеді. Кеңестің қызметі мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми қауымдастықтың және үкіметтік емес ұйымдардың  елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді тетіктерін құру бойынша практикалық ұсынымдар мен ұсыныстарын бірігіп әзірлеу мақсатында практикалық өзара іс-әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан ДЭФ 2016-2017 Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 10.10.2016 Қазақстан ДЭФ 2016-2017 Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша семинар-кеңестің БАСПАСӨЗ-ПАРАҒЫ 15.09.2016 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша семинар-кеңестің БАСПАСӨЗ-ПАРАҒЫ

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру шеңберінде «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбы шеңберінде семинар-кеңес өткізу жоспарланып отыр 15.09.2016 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру шеңберінде «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбы шеңберінде семинар-кеңес өткізу жоспарланып отыр

Е. Досаев: ҚР бірқатар салалары мен компаниялары жеңілдіктер алады 16.02.2016 Е. Досаев: ҚР бірқатар салалары мен компаниялары жеңілдіктер алады

«Эстонияның IT-нарығы бәсекеге қабілеттілігін жоғалтып отыр» 11.02.2016 «Эстонияның IT-нарығы бәсекеге қабілеттілігін жоғалтып отыр»

GEM: Кәсіпкерлік белсенділік деңгейі бойынша Қазақстан 60 орынның 29-орнында орналасқан 10.02.2016 GEM: Кәсіпкерлік белсенділік деңгейі бойынша Қазақстан 60 орынның 29-орнында орналасқан

«Эксперт РА Казахстан» (RAEX) «Имсталькон» АҚ кредиттік қабілет рейтингісін және оның облигацияларының сенімділігін С деңгейіне дейін төмендетті 08.02.2016 «Эксперт РА Казахстан» (RAEX) «Имсталькон» АҚ кредиттік қабілет рейтингісін және оның облигацияларының сенімділігін С деңгейіне дейін төмендетті

Қазақстан экономикалық еркіндік индексінде Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша 12-орынды иеленді 01.02.2016 Қазақстан экономикалық еркіндік индексінде Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша 12-орынды иеленді