IMD әлемдік бәсекеге қабілеттілік жылнамасындағы Қазақстан

etapy.png

Халықаралық менеджментті дамыту институтының Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісі

Жаһандық зерттеу және онымен байланысты әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша рейтингісі.

Жетекші еуропалық менеджмент институты – Лозанна (Швейцария) орналасатын Халықаралық менеджментті дамыту институтының (International Institute for Management Development, IMD) әдістемесі бойынша есептелген.

Институт бүкіл әлемнің зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастықта 1989 жылдан бастап бәсекеге қабілеттілікке жыл сайынғы талдамалық зерттеу жүргізеді.

Бүгінгі таңда The IMD World Competitiveness Yearbook басылымы – мемлекеттер және өңірлердің бәсекеге қабілеттілік проблемалары бойынша ең толық зерттеулердің бірі, ол бірқатар елдерде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және үкіметтің ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін артытру бойынша одан әрі іс-қимылдарын айқындау, сондай-ақ ірі компанияларда стратегиялық бизнес-шешімдерде қолданады.

Зерттеумен қамтылған экономикалардың әрқайсысы үшін есепте елдің және ұлттық экономиканың рейтингте жалпы позициясы бойынша және индексті есептеуде қолданатын талдау негізінде айқындалған ең атаулы бәсекелес артықшылықтар мен кемшіліктер бойынша егжей-тегжейлі сипаттамаларды қамтиды.