ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі

etapy.png
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі Дүниежүзілік экономикалық форум үшін профессор Ксавье Сала-и-Мартинмен (Xavier Sala-i-Martin) жасалған және алғаш рет 2004 жылы жарияланған.

Индекс әлемнің түрлі экономикалық даму деңгейлерінде орналасқан елдердің бәсекеге қабілеттілігін егжей-тегжейлі сипаттайтын 12 бәсекеге қабілеттілік құрандамасынан тұрады. Бұл құрандалар мыналар: «Институттар сапасы», «Инфрақұрылым», «Макроэкономикалық тұрақтылық», «Денсаулық сақтау және бастауыш білім», «Жоғары білім және кәсіби дайындық», «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығының тиімділігі», «Еңбек нарығының тиімділігі», «Қаржы нарығының дамығандығы», «Технологиялық деңгей», «Ішкі нарық көлемі», «Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі» және «Инновациялық әлеует».

Зерттеумен қамтылған экономикалардың әрқайсысы үшін есепте елдің және ұлттық экономиканың рейтингте жалпы позициясы бойынша және индексті есептеуде қолданатын талдау негізінде айқындалған ең атаулы бәсекелес артықшылықтар мен кемшіліктер бойынша егжей-тегжейлі сипаттамаларды қамтиды. Баяндамада түрлі индикаторлар бойынша рейтингтер кестелері көрсетілген егжей-тегжейлі статистикалық бөлім бар.